2020 жылғы «10» наурыздағы «Finbox» МҚҰ» ЖШС
қатысушыларының жалпы жиналысының №4/2 хаттамасымен
БЕКІТІЛДІ

«FINBOX» МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

Алматы қ.

1. Жалпы ережелер.

1.1. «Finbox» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «МҚҰ») Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және МҚҰ-ның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.
1.2. Осы Саясат МҚҰ белгілеген www.akshamat.kz интернет-ресурсының (бұдан әрі-Сайт) көмегімен жиналған дербес деректерді өңдеу тәртібін және микрокредит алу бойынша Сайттағы дербес деректермен байланысты қызметтер мен құралдарды сипаттайды.
1.3. МҚҰ-ға пайдаланушылардан олардың дербес деректері туралы келіп түскен барлық ақпарат «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ ҚР ратификациялаған халықаралық шарттардың және МҚҰ-ның ішкі құжаттарының талаптары шеңберінде ғана өңделеді.

2. Саясатта қолданылатын негізгі ұғымдар

2.1. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттың құпиялылығы – ақпаратты сақтау, өңдеу барысында немесе байланыстың коммуникациялық арналары арқылы беру кезінде ақпаратты ашудан қорғау;
2) ақпараттың сақталуы – ақпаратты сақтау, өңдеу барысында немесе коммуникациялық арналар арқылы беру кезінде бүлінуден, рұқсатсыз өзгертуден, толықтырудан, көшіруден немесе жоюдан қорғалуы және тұтастығы;
3) сookies - бұл ақпаратты тікелей пайдаланушының компьютерінде, оның ұялы телефонында немесе басқа құрылғыда сақтайтын, шағын мәтіндік файлдар;
4) рixels – басқа серверге веб-парақшаның қарап шығуын өлшеуге мүмкіндік беретін, веб-парақшалардағы кодтардың бөлігі болып табылатын және кукиспен (cookies) үйлесімде жиі пайдаланылатын, шағын цифрлық суреттер. Код пайдаланушы Сайттың парақшасымен немесе парақшасының бір бөлігімен өзара әрекет ететінін көрсету үшін пиксель жүктелгенін және қашан жүктелгенін (және де қай парақшада) қадағалайды;
5) IP-мекенжай – бұл жергілікті немесе жаһандық компьютерлік желінің әрбір қатысушысына берілетін бірегей желілік сәйкестендіргіш;
6) Пайдаланушы - Сайт пен оның жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ микрокердитті алу жөніндегі осы Саясаттың ережелерін басшылыққа алатын тұлға;
7) микрокредит - МҚҰ ұсынатын, төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында Пайдаланушының офертасы белгілеген мөлшерде және тәртіппен, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақша.

2. Дербес деректерді жинау.

2.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу оның келісімімен жүзеге асырылады.
2.2. Пайдаланушы осымен МҚҰ-ға Пайдаланушы туралы кез келген ақпаратты, Пайдаланушыдан алған ақпаратты қоса алғанда жинауға, сақтауға, пайдалануға, таратуға, өзге түрмен алуға, өңдеуге, мыналарды қоса алғанда, алайда шектелмей, ақпаратты кез келген үшінші тұлғаларға беруге өз келісімін және құқығын береді:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген кредиттік бюролар;
- осындай тұлғалар мен МҚҰ арасында жасалған шарттарға сәйкес олардың өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету немесе қызмет көрсету үшін МҚҰ қызмет көрсететін;
- ұсынылған оферта бойынша МҚҰ құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларда;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа жағдайларда.
2.2. Төменде МҚҰ жинауға құқылы дербес деректер түрлерінің кейбір мысалдары келтірілген:
- байланыс деректері (ЖСН, Т. А. Ә., электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, нақты тұратын мекенжайы, тіркелген жері, жұмыс орны туралы мәліметтер, үшінші тұлғалардың байланыс деректері және басқалар);
- демографиялық мәліметтер (жынысыңыз, туылған күні, жасы);
- төлем деректері (кредиттік картаңыздың нөмірі, банктік шот нөмірі, шот карталарының нөмірі, банк атауы);
- жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі және олардың деректері (жеке куәлік, төлқұжат, тұруға ықтиярхат және өзге);
- табысы туралы мәліметтер (жұмыс берушінің атауы, байланыс деректері және жұмыс берушінің еңбекақы төлеу мөлшері, болған өзге де кірістер және өзге де ақпарат);
- МҚҰ анықтаған жағдайда жасалған Пайдаланушының фотосуреті;
- Сіз ұсынатын немесе жариялайтын ақпарат (біздің бөлімшелер, қызметтер, қызметкерлердің жұмысы және т. б. туралы пікірлер);
-  МҚҰ қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және МҚҰ ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит беруді жүзеге асыру үшін қажетті және жеткілікті болатын, өзге қосымша деректер.
2.4. Пайдаланушы дербес деректердің дәлдігін, олардың жеткіліктілігін, ал қажет болған жағдайларда, дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігін қамтамасыз етеді.
2.5. МҚҰ Пайдаланушы туралы ақпаратты жинауға құқылы, Пайдаланушы Қолдау қызметіне беретін кез келген сұратымдар немесе ол ұсынатын кез келген кері байланыс мысал ретінде бола алады. Сайт және мобильді деректер: МҚҰ өзінің серверлерінде пайдаланушының браузерінен немесе IP мекенжайды, бағдарламалық жасақтаманы және аппараттық атрибуттарды, пайдаланушы сұрайтын парақшаларды, мобильді сәйкестендіргіштерді, қолданбаны пайдалану туралы ақпаратты, «Соокіеѕ», «Рixels» сияқты технологиялардың, жергілікті қойманың (Сіздің браузеріңіздегідей немесе ұялы құрылғыңыздағыдай) көмегімен алынған ақпарат қоса алғанда, кез келген құрылғыдан алынған ақпаратты, Пайдаланушының интернет қызметі провайдерінің домендік аты және/немесе басқа пайдаланылатын құрылғылар туралы ақпарат немесе жүйелік деңгейдегі ақпаратты автоматты түрде ала алады және тіркей алады. Бұл Сайтта немесе мобильді қолданбада немесе үшінші тұлғалардың сервистерінде болуы мүмкін.

3. Дербес деректерді сақтау және пайдалану

3.1. Пайдаланушылардың дербес деректері тек қана электрондық тасығыштарда сақталады және дербес деректерді автоматтандырылмаған өңдеу заңнама талаптарын және МҚҰ-ның ішкі құжаттарын орындауға байланысты қажет болған жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған жүйелерді пайдалану арқылы өңделеді.
3.2. МҚҰ Пайдаланушының дербес ақпаратын мынадай жағдайларда үшінші тұлғаларға пайдалануға және беруге құқылы:
- Пайдаланушыға микрокредит беру бойынша қызмет көрсету қажеттілігі және Пайдаланушы осындай әрекеттерге өз келісімін білдірді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайдың болуы;
- Пайдаланушы МҚҰ-мен жасалған микрокредит беру туралы шарттың талаптарын бұзған кезде МҚҰ құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және МҚҰ ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.

4. Дербес деректерді қорғау

4.1. МҚҰ Пайдаланушының дербес деректерін оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, оқшаулаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз іс-әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету үшін-құқықтық, ұйымдастырушылық, әкімшілік, техникалық және физикалық құқықтарды қоса алғанда, барлық сақтық шараларын қолданады.
4.2. МҚҰ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, Пайдаланушы өзінің дербес деректері мен ақпаратын өзекті күйде ұстап тұруы тиіс. МҚҰ өз кезегінде, деректер мен ақпаратты сақтаудың анағұрлым ұзақ кезеңі заңнамаға сәйкес қажет болатын жағдайларды қоспағанда, дербес деректер мен ақпаратты осы Құпиялылық саясатында және МҚҰ ішкі құжаттарында сипатталатын мақсаттарды орындау үшін қажетті мерзім ішінде сақтайды.
4.3. Пайдаланушы үшінші тұлғаларға www.akshamat.kz сайтындағы жеке кабинетінің логинін және/немесе құпиясөзін, сондай-ақ МҚҰ-дан алған www.akshamat.kz сайтымен байланысты кодтары бар СМС хабарламаларды, оның ішінде жеке кабинетке кіру деректерін қалпына келтіруге арналған кодтарды жария етпеуге, кез келген бөтен құрылғыдан жеке кабинетке кіру жүзеге асырылған жағдайда жеке кабинеттен шығуды қамтамасыз етуге міндеттенеді, Пайдаланушы көрсетілген деректерді үшінші тұлғаларға жария еткен жағдайда, Пайдаланушы осындай жария ету нәтижесінде үшінші тұлғалар келтірген залал үшін жеке жауапкершілік көтереді.  

5. Жауапкершілік.

5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдейтін МҚҰ қызметкерлері берілген ақпаратты қорғау, өңдеу режимін және пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
    
6. Қорытынды ереже

6.1. Осы Құпиялылық саясатында тікелей көрсетілмеген барлық қалған жағдайларда, Тараптар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен ережелерін басшылыққа алады.
6.2. Өзінің дербес деректері мен ақпаратын ұсынатын МҚҰ сайтының пайдаланушысы осылайша берілген Құпиялылық саясатының ережелерімен келіседі.
6.3. МҚҰ Пайдаланушының келісімінсіз пайдаланушылар хабарлайтын дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында өз қалауы бойынша кез келген уақытта Саясатқа кез келген өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
6.4. Осы Саясатқа қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, Пайдаланушылар www.akshamat.kz сайтында көзделген байланыс деректері бойынша МҚҰ-мен хабарласа алады.
6.5. Осы Саясат, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар МҚҰ қатысушыларының жалпы жиналысында бекітіледі.

9:00 - 19:00
Сайттағы өтінімдер тәулік бойы қабылданады
Орталық бөлімше Алматы қаласы, Жамбыл көш-сі, 114/85 үйі, литер «Б», БО «Бизнес Сити»
Жақын кеңсені табу
Шағын несие ұйымдарының тізіліміне 11.03.2016 жылғы № 05.1604 енгізілген. 05.03.2021 ж. № 02.21.0009.М лицензиясы.
Payment
Сайт құру – Интернет-агенттіктің сайтын құру «Пантера»
У Вас нет новых сообщений