Кіріс дәлелсіз несие

Банкке кірістер туралы анықтаманы көрсету мүмкіндігі елдің барлығында бола бермейді. Кейбір жағдайларда кірісіңізді растау кәдімгідей қиын болады, себебі ақшаны табу жолдары әр-түрлі болып жатады. Ақша тапшылығы да кенеттен пайда болғанда барлық құжаттарды жинап жүруге уақыт болмайды. Осындай жағдайда кімге хабарласып, қалай шешім табуға болады? Шындығында мәселенің шешімі сіз ойлағанан әлде қайда жеңіл, себебі Ақшамат сіздің мәселеңізді шешуге дайын.

Қандай қиын жағдай болмасын, біздің компаниядан несие алудың мүмкіндіктері сіздер үшін қарастырылған. Біз кепілсіз несиелеуді ұсынамыз. Мұндай несиені алу қызметін жалақысы аз адамдар және жұмыс орнында кірістер туралы анықтамасын ала алмайтын адамдар пайдалана алады. Ал шағын бизнес иегерлерін алсақ, олар үшін мұндай несиелеу жүйесі қосалқы қаражат көзі болып табылады, себебі көп жағдайда салық органдарынан кірісті растайтын анықтаманы алу қиын болады.

Несиені кепілдіксіз алу үшін сонда қандай құжаттар керек? Кірісті растау жөнінде ешқандай анықтаманың керегі жоқ, тек өз кірісіңізді біздің қызметкерге айту керек немесе оны сауалнама ішінде жазу керек. Келер алдында жеке күәлігіңізді немесе паспортыңызды ала келіңіз. Анықтамалар мен кепілдіксіз несиені алу үшін сіздің жасыңыз 21 мен 60 аралығында болу керектігін білген абзал.

Сіздерге несие беру жүйесін жеңілдету үшін біз қолымыздан келгенін аямай жұмыс істеп жатырмыз. Ақшамат сіздің жайлылығыңызды және ертеңге деген үмітіңізді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Еш уайымдарыңыз болмасын, ақшаны қарызға алу қазіргі кезде өте қауіпсіз және қорқынышты емес. Сіздің қаржылай жағдайыңыз жайында біз қамқор боламыз.

Сұрақ қою