Akshamat
Akshamat

Қарыздар мен несиелер

Ақша тез арада өте қажет керек болып қалған жағдайға әр-қайсымыз душар болуымыз мүмкін. Қаражат ем алу мақсаттарына, тұрмыстық техниканың бұзылуына, үйдің ішінде немесе сыртында жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты, немесе тағы басқа көптеген себептермен керек болып қалады. Біздің микро қаржы мекемеміз ақшаны тиімді шартпен алуды ұсынады.

Микро қаржылық мекемелер

Егер бұрын несие алу үшін адамдарға банкке хабарласу керек болса, қазіргі кезде шағын несие беретін мекемелер халық арасында кеңінен танымал болып келеді. Бұның басты себебі халықты несиелеу шарттарының тиімдірек болатыны мен қызмет көрсету жылдамдығы тез болатыныда жатыр. Алайда, сондай микро қаржылық мекемелерді де таңдай білу керек: сол мекеме туралы адамдардың ойын сұрастырып, несие бойынша үстем ақы пайызын талдап, сіздің барлық талаптарыңызға сәйкес келетін мекемені таңдаңыз. Ақшамат Компаниясы ақшаны кез-келген мөлшерде қысқа мерзімге, яғни, жалақы алғанша қарызға алуға мүмкіндік береді.

Кәдімгі банктерге қарағанда МҚҰ немен ерекшеленеді

Біз 10 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақшаны қарызға береміз. Біздің шарттарымыз ең жақсы:

  • Құжаттардан тек қана жеке күәлігіңіз немесе паспортыңыз керек;
  • Қарыз алушы жұмыс істеу жасында болу керек, яғни жасы 21 мен 60 арасында болу керек;
  • Тұрақты жұмыс орны болғаны шарт.

Біздің микро қаржылық мекемеміз сіздерден басқа ешқандай құжаттарды көрсетуіңізді, тіпті кірістеріңізді көрсететін анықтаманы да талап етпейді. Банктерге қарағанда, несие алуға арызды уақытыңызды көп кетірмей бізде оңай тапсыра аласыз.

Арызды толтыру

Қызметкерлеріміз несие алуға үміттенгендерден жұмыс орнын растайтын анықтаманы талап етпесе де, сауалнаманы толтырған кезде сіз өте мұқият болғаныңыз абзал. Несие бермеу шешімін қабылдаудың негізгі себептерінің бірі сауалнамаларда дәл осындай қателер кеткеннен болады. Сауалнаманы толтырып болғаннан кейін, қызметкерлер қарыз алушы адамның тұлғасын арнайы ақпарат базалары арқылы тексереді. Арыз автоматты жүйе арқылы мақұлданады.

Ақшамат кеңселері Қазақстанның барлық қалаларында орналасқан. Ақшаны бізден алу үшін сізде небәрі 15 минут уақытыңыз болу керек. Арызды толтырғаннан кейін қолма-қол ақшаны бөлімше кассасында ала аласыз.

Біздің қызметтеріміз туралы мәліметтерді онлайн парақшадан немесе қатынас орталығының телефон нөміріне хабарласып алуыңызға болады, бірақ ақшаны несиеге тек өзіңізге жақын орналасқан кеңсеміздің біріне келіп қана жүзеге асыра аласыз. Осының арқасында тұтынушылар арасында мекемеге деген сенім артып, мазалаған сұрақтар бойынша толық және нақты ақпаратты біздің тәжірибелі маманадардан алуға болады.

Қарызды төлеу әдістері

Несиені алу қандай жеңіл болса, оны жабу да мемлекетіміздің кез-келген қаласындағы кеңселерде біздің сыпайы да білікті мамандардың қызметтеріне жүгініп оңай жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ, төлемдерді қаланың барлық дүкендерінде, тіпті қаланың сыртында табылатын QIWI терминалдары арқылы орындау мүмкіндігі қарастырылған.

Біз кез-келген адамға көмек көрсетуге дайынбыз. Біздерден несиені қалаған адамның барлығы, тіпті несиелік тарихы нашар болғандар ала алады. Сонымен қатар, несие бойынша төлем жасау мерзімін жағдайға байланысты созу мүмкіндігін қарастырып отырмыз, немесе ақшаны мерзімінен ерте қайтарып, сыйақы мөлшерін азайтып қарызды жабуға болады.

Сұрақ қою